Жаңалық 23 қыркүйек 2026
Луис Диас: Гарри Кейн 2026 жылғы «Алтын доп» иегері болуға лайық

Фото: static.independent.co.uk
Мюнхендік «Бавария» ойыншысы Луис Диас командаласы Гарри Кейнді 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына үміткер ретінде атады.
«Гарри Кейн — тамаша командалас. Оның жаттығудағы элиталық көзқарасы мені қатты таңғалдырды», — деді Диас.
Англия құрамасының капитаны әзірге елеулі жетістіктерге жете алмай жүр: ол әлем чемпионатының ширек финалында 11 метрлік айып добын дәл орындай алмай, командасымен бірге жарыстан шығып қалған, ал Еуропа чемпионатының екі финалында да жеңіліс дәмін татқан.
Тағы оқыңыз
Кейн: Жарақатына байланысты бас тартқан ойыншыларға сенемін
Дегенмен өткен маусымда Кейн клубы мен құрамасы үшін жиынтығында 73 гол соғып, керемет форма көрсетті. Шабуылшының «Баварияда» жаңа келісімшартқа қол қою мәселесі әзірге талқыланып жатыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


