Жаңалық 23 қыркүйек 2026
Фарер БАҚ-ы: Қызылжарда ойнаған Бьярталид құраманы Қазақстанға қарсы дайындауға көмектеседі

Фото: sports.kz
Фарер аралдарының in.fo басылымы Қазақстан құрамасына қарсы кездесу қарсаңында жартылай қорғаушы Йоаннес Бьярталидтің пайдасы тиетінін жазды.
in.fo басылымының бағалауы бойынша, бұрын қазақстандық «Қызылжар» құрамында ойнаған Бьярталид бас бапкер Эйдун Клакстейн мен оның көмекшісі Атли Грегерсенге қазақстандық футболшылар туралы құнды ақпарат бере алады.
«Йоаннес Бьярталид «Қызылжар» құрамында ойнаған кезде кездескен қазақстандық ойыншылар туралы ақпарат беру арқылы Эйдун Клакстейн мен Атли Грегерсенге пайдасын тигізуі мүмкін», — деп жазды басылым.
Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдары — Қазақстан кездесуі 26 қыркүйекте «Торсволлур» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


