Жаңалық 23 қыркүйек 2026
Фарер аралдары Қазақстанға қарсы матч алдында топта екінші орынды мақсат етті

Фото: hif.se
Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Торсхавнда Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдары құрамасымен кездеседі. Жарыс С дивизионының 3-тобында өтіп жатыр, онда Словакия мен Молдова құрамалары да бар.
Portal.fo сайтының жазуынша, Фарер аралдары құрамасы топта кемінде екінші орынға талаптанып отыр. «Фарер аралдары құрамасы ресми матчтарға дайындалу үшін ақыры жиналды. Соңғы рет команда қарашада жиналған болатын. Сондықтан Ұлттар лигасында фарерліктердің қалай ойнайтыны қызығушылық тудырады, мақсаты — топта кемінде екінші орын», — делінген басылымда.
Бұған дейін қорғаушы Вильормур Давидсен командасының ең төменгі мақсаты ретінде топтағы үшінші орынды атаған еді.
Фарер аралдары құрамасы Торсволлур стадионында жаттығып, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндеріне жаттығулар жоспарлады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


