Жаңалық 23 қыркүйек 2026
Алаба клубсыз қалғанына бірнеше ай болды — «Удинезеге» ауысады

Фото: cdn.resfu.com
34 жастағы австриялық қорғаушы Давид Алаба итальяндық «Удинезеге» қосылуға келісім берді. Бұл туралы белгілі журналист Фабрицио Романо хабарлады.
«Удинезе» клубы да әлеуметтік желіде келісімді жанама түрде растайтын жазба жариялады.
Алабаның «Реал Мадридпен» келісімшарты маусым айының соңында аяқталды. Содан бері ол еркін агент мәртебесінде клубсыз жүрді. Бұған дейін «Униондың» да ойыншыға қызығушылық танытқаны туралы мәлімет тараған, бірақ соңғы ақпарат мәселенің «Удинезе» пайдасына шешілгенін көрсетеді.
Ойыншының әкесі Джордж Алаба болашақ қадам туралы жуырда хабарланатынын айтты.
«Ол келесі қадамын жақын арада өзі жариялайды», — деді Джордж Алаба.
Еске сала кетейік, Алаба — «Бавария» мен «Реал Мадридтің» түлегі, мансабында төрт мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


