Зайнутдинов «Ордабасының» ұсынысына қызықпайды: Ресейде қалады
Ұзақ емделу мен оңалтудан кейін алаңға оралуға жақындап қалған Зайнутдинов бүгінде Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир атанады: ол 44 матчта 15 гол соғып, бір голге пас берген.
2025 жылдың жазында тараздық футболшы түрік «Бешикташынан» мәскеулік «Динамоға» 2,5 миллион еуроға ауысты. Бұған дейін ол мәскеулік ЦСКА, «Ростов», «Астана» және «Тараз» құрамында ойнаған.
Зайнутдиновтың активіндегі жетістіктер тізімі де әсерлі: 2018 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2023 жылы Ресей кубогін, 2024 жылы Түркия кубогін жеңіп алды.
Сондай өткенге қарамастан, «Ордабасы» тарапынан келген ұсыныс жартылай қорғаушыны қызықтырмаған сыңайлы. Ол клубтың өзіне деген қызығушылығы туралы мүлдем хабардар емес екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, «Ордабасы» қазір КПЛ турнир кестесінің көш басында тұр. 27 турдан кейін команда 61 ұпай жинап, «Қайраттан» 4 ұпайға озып тұр.


