Жаңалық 22 қыркүйек 2026
Словакия құрамасының қақпашылар бапкері Қазақстанға қарсы матч алдында пікір білдірді

Фото: framemyjersey.co.uk
Словакия құрамасының қақпашылар бапкері Камил Чонтофальски 29 қыркүйекте Кошицеде өтетін Қазақстанға қарсы матч қарсаңында өз пікірімен бөлісті. Кездесу УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтеді.
Оның айтуынша, словак қақпашыларына ойын барысында жүктеме көп түспейді, соған қарамастан олардан толық шоғырлану талап етіледі.
«Словак қақпашылары ойында көп жүктемеге түсе қоймас, бірақ бұл бүкіл матч бойы барынша шоғырлануды талап етеді», — деді Чонтофальски.
Бапкердің сөзінше, құраманың басты міндеті — Ұлттар лигасындағы сапарын сәтті бастау.
«Словакияның міндеті — Ұлттар лигасындағы жорығын сәтті бастау», — деді ол.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


