Жаңалық 22 қыркүйек 2026
Сафонов Ресей құрамасына шақырылды: қарсылас — Иран, Намибия және Нигерия

Фото: cdn-s-ledauphine.com
«Пари Сен-Жермен» қақпашысы Матвей Сафонов Ресей құрамасына шақырылды. Ол құрама сапында үш жолдастық кездесуге қатысады.
Ресей футбол одағының хабарлауынша, құрама 29 қыркүйекте Иранмен, 3 қазанда Намибиямен, 6 қазанда Нигериямен жолдастық матч өткізеді. Құраманы Валерий Карпин басқарады.
«Үйге қош келдің, Матвей!» — деп жазды Ресей футбол одағы.
Тағы оқыңыз
Сафонов ПСЖ құрамында Еуропа Суперкубогын жеңіп алды
Еске сала кетейік, 2026 жылдың маусымында Ресей құрамасы Буркина-Фасо мен Тринидад және Тобаго құрамаларын бірдей есеппен — 3:0 жеңген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


