«Манчестер Юнайтедтің» сәтсіз старты: Кэррикке қатты сын айтылды

Кездесуде Лисандро Мартинес өз қақпасына доп соғып, «Фулхэмнің» есеп ашуына себепші болды. «Юнайтед» жеңілістен 89-минутта ғана құтылды — Матеус Кунья есепті теңестірді.
Бұл нәтижеден кейін «Манчестер Юнайтед» осы маусымда бес матчтан бес ұпай жинады. 45 жастағы Кэррик бұған дейін клубты дұрыс жолға қойғаны үшін тұрақты бапкер қызметіне тағайындалған еді.
Сарапшылар команданың сәтсіздігіне үнсіз қалған жоқ. Гари Невилл: «Мен «Манчестер Юнайтедті» бес жасымнан бері қарап келемін, бұл — өмірімде көрген ең сорақы 15 минут», — деді. Пол Скоулздың айтуынша, команда жазғы трансфер кезеңінде дұрыс жасақталмаған және қазір Премьер-лига чемпионы атану деңгейінен алыс тұр. Ал Гари Линекер клуб иесі Джим Рэтклиффті сынға алып, клубтың хал-ахуалы құлдырап бара жатқанын айтты.


