БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 22 қыркүйек 2026

Фарер аралдары құрамасының қорғаушысы Қазақстанмен матчтар алдында пікір білдірді

Фото: sports.kz
Итальяндық «Эллас Верона» қорғаушысы Андриас Эдмундссон УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасына қарсы өтетін матчтар қарсаңында алдағы турнирге қатысты пікірін ортаға салды.

Эдмундссон Фарер аралдары құрамасының Ұлттар лигасы алдындағы тұңғыш жаттығуына қатысты. Топта фарерліктердің қарсыластары — Қазақстан, Словакия және Молдова құрамалары.

«Біз, әрине, барынша көп ұпай жинауға тырысамыз, жоғарғы орындар үшін күресеміз деп үміттенеміз», — деді ол.

Фарер аралдары бірінші матчын Қазақстанға қарсы 26 қыркүйекте Торсхавндағы «Торсвёллур» стадионында өткізеді, кездесу Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады. Одан кейін 29 қыркүйекте Кишиневте Молдовамен, 2 қазанда Словакиямен сынға түседі. Ал соңғы, төртінші матчында фарерліктер 6 қазанда Астанада Қазақстан құрамасымен қайта кездеседі.

Тағы оқыңыз

Қазақстанмен матч алдында Фарер аралдары құрамасы алты ойыншысынан айырылды
Фарер аралдары бапкері: Қазақстанмен матч алдында төрт кездесу өткіземіз
Словакия құрамасының қақпашылар бапкері Қазақстанға қарсы матч алдында пікір білдірді
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz