Жаңалық 22 қыркүйек 2026
«Астананы» жекешелендіру: клубтың жаңа иесі болуы мүмкін кәсіпкер аталды

Фото: blogger.googleusercontent.com
Жеті мәрте чемпион астаналық «Астана» футбол клубын жекешелендіру мәселесі шешімін табуға жақын. Дереккөздердің мәліметінше, клубтың ықтимал жаңа иесі — «Қазақстан Астық консорциумының» негізгі акционері Бақтияр Оспанов.
Дереккөзге сілтеме жасалып хабарланғандай, клубты Оспановқа беру жөніндегі негізгі келісімдерге қол жеткізілген.
«Астана» — Қазақстан чемпионатының жеті мәрте жеңімпазы. Бүгінде премьер-лигада мемлекет меншігінде қалып отырған клубтар қатарында «Ұлытау», «Каспий», «Ертіс», «Алтай» және «Жетісу» бар. Ережеге сай, мемлекеттік клубтар жекешелендіру мәселесін осы жылдың соңына дейін шешуі тиіс.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


