БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 22 қыркүйек 2026

«Арсенал» мен «Челси» «Фейенорд» ойыншысы Зехиелді бақылап жүр

Фото: sports.kz
Ағылшын клубтары «Арсенал» мен «Челси» роттердамдық «Фейенордтың» шабуылшы жартылай қорғаушысы Дивай Зехиелдің ойынын мұқият бақылап отыр.

CaughtOffside дереккөзінің мәліметінше, «ағылшын клубтарының өкілдері 22 жастағы футболшының ойынын мұқият бақылап жүр». Екі клуб та ойыншыға әзірге ресми ұсыныс жасаған жоқ.

Зехиел бұл маусымда жеті матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Осы көрсеткіштерден кейін ол Нидерланды құрамасына тұңғыш рет шақырылды.

Жақында футболшы «Фейенордпен» келісімшартын 2029 жылдың жазына дейін ұзартты. Алдыңғы екі маусымда Зехиел «Спарта Роттердам» мен «Утрехтте» жалдау шартымен ойнаған.

Тағы оқыңыз

«Арсенал» — «Челси»: Лондон дербиінде Алонсо шәкірттері 5:0 және 7:0 жеңістерден кейін кез
Ливерпуль, Арсенал, Челси және Ювентус 17 жастағы швед шабуылшысына көз тікті
«Челси» мен «Арсенал» Алекс Скоттқа қызығушылық танытып отыр
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz