БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 21 қыркүйек 2026

«Қайраттың» Конференциялар лигасындағы қарсыласы 8 матчта тізбектей жеңіп келеді

Фото: sport24.gr
Грекияның чемпионаты аясында өткен 5-турда «Панатинаикос» қонақта «Каламатаны» 1:0 есебімен жеңді. Бұл — грек клубының барлық турнирдегі қатарынан 8-жеңісі.

Жалғыз голды 32-минутта Андреас Теттей соғып, жеңістің авторы атанды.

«Панатинаикос» чемпионатта 5 матчта 5 жеңіске жетіп, 15 ұпаймен турнир кестесінің көш басында тұр. Клуб маусым басынан бергі 13 ресми кездесуде жеңіліс көрмеген.

Грек клубы УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі кезеңге жолдама алды. «Панатинаикос» 22 қазанда осы турнирдің екінші турында Қазақстанда алматылық «Қайратпен» кездеседі.

Тағы оқыңыз

«Қайраттың» УЕФА Конференциялар лигасындағы қарсыласы 7 матчта жеңіске жете алмай жүр
«Қайраттың» Конференциялар лигасындағы қарсыласы «Мьельбю» қатарынан төртінші рет жеңілді
«Қайраттың» Конференция лигасындағы келесі қарсыласы «Твенте» ірі жеңіске жетті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz