БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 21 қыркүйек 2026

Хусановты жақсы білетін қазақстандық ойыншы: Онда жұлдыз ауруы мүлдем жоқ

Фото: wallpaperaccess.com
Жезқазғандық «Ұлытау» шабуылшысы Бақдәулет Зұлфиқаров өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановпен достығы туралы әңгімеледі.

25 жастағы Зұлфиқаровтың айтуынша, ол Хусановпен 2021 жылы Минскідегі «Энергетик» клубында танысқан. «Абдукодир команда құрамында болды, бірақ ФИФА регламенті бойынша оның жасы 18-ге толмағандықтан, клуб оны ресми түрде мәлімдей алмады. Сол кезде біз бір үйде тұрдық, жаттығуға бірге бардық, тұрмысты бөлістік. Ол — менің жақын досым», — деді Зұлфиқаров.

Оның айтуынша, Хусановта жұлдыз ауруы мүлдем жоқ. «Ол өте мейірімді, ашық адам. Қарапайым ортадан шыққан қарапайым жігіт», — деді ол.

Тағы оқыңыз
Хусанов: «Манчестер Ситиге» барынша көмектесуге дайынмын

Хусанов 2023 жылдың жазында француздың «Ланс» клубына ауысқан. 2025 жылдың қаңтарында ол 40 миллион еуроға «Манчестер Ситиге» қосылды. Ағымдағы маусымда ағылшын клубының құрамында 6 матч өткізіп, Англия кубогі мен Англия лигасы кубогінің иегері атанды.

Зұлфиқаров «Ұлытау» құрамында ағымдағы маусымның ортасынан бері ойнап жүр, 12 матчта 5 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Тағы оқыңыз

Хусанов сағат сайын 856 еуро табады
Хусанов 90 минут алаңда болды, «Манчестер Сити» Суперкубокта ұтылды
Хусанов «Манчестер Ситидің» болжамды құрамында сол қанатты қорғаушы орнында
Абдукодир Хусанов: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz