Жаңалық 20 қыркүйек 2026
ҚФФ легионерлер лимитін 8-ге дейін қысқартудан бас тартуы мүмкін

Фото: kff_team
Қазақстан футбол федерациясы 2027 маусымына арналған легионерлер лимитін 10-нан 8-ге дейін қысқарту туралы шешімін қайта қарауы мүмкін.
Бұл шешім 2025 жылы қабылданған болатын. Дегенмен ҚФФ атқарушы комитеті ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін мәселені қайта талқылауы мүмкін.
2026 жылғы ҚПЛ маусымында шетелдік легионерлер жоғары нәтиже көрсетіп жүр. «Ордабасының» норвегиялық шабуылшысы Бьорн Йонсен 11 гол соқса, «Тобылдың» сербиялық футболшысы Урош Милованович те 11 голмен көрсеткішін теңестірді. «Астананың» хорват легионері Марин Томасовтың есебінде 10 гол бар.
Осы статистика легионерлер лимитін қысқарту жоспарын қайта қараудың бір себебі болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


