Жаңалық 20 қыркүйек 2026
Әлип: Ван 'т Схип өз жоспарын көрсетті, барлығына ұнады
Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әлип Ұлттар лигасы кездесулері қарсаңындағы жиынға байланысты бас бапкер Йохан ван 'т Схиппен әңгімелескенін айтты.
«Құраманы қатты сағындым. Соңғы матчтарымыз маусымда болған, содан бері үш ай өтті. Енді Астанаға, құрама жігіттерінің қасына ораламын. Құрама мен үшін өте маңызды, бұл — әр баланың, әр футболшының арманы. Мен де бала кезімнен сондай арманмен өстім», — деді Әлип.
Оның айтуынша, ол бапкермен кездесіп, әңгімелескен: «Ол өз жоспарын, тактикалық жұмысын түсіндірді. Жаңа бапкер келгенде өз идеяларымен келеді, бұл бәрімізге қызық. Бүгінгі жаттығуда бәрін көрсетті, барлығына ұнады. Енді осы жұмысты алдағы матчтарда көрсетуге тырысамыз».
Тағы оқыңыз
Нұралы Әлип «Зенитте» қалды: «Нефтчиге» жасалған ұсыныс қабылданбады
Әлип Қазақстан құрамасының құрамында 52 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. 2022 жылдың ақпанынан бері питерлік «Зенит» құрамында ойнап жүрген қорғаушы бұл клубпен 9 трофей жеңіп алды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


