Жаңалық 19 қыркүйек 2026
«Брентфорд» «Челсиді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді
Ағылшын Премьер-лигасының 5-турында «Брентфорд» өз алаңында «Челсиді» 3:0 есебімен жеңді.
Голдарды 61-минутта Джейдон Энтони, 83-минутта Игор Тиагу, ал қосымша уақытта, 90+5-минутта, Фабиу Карвалью соқты.
Бұл жеңістен кейін «Брентфорд» 9 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді. «Челси» болса 7 ұпаймен жетінші орынға түсіп кетті. Лондондық клуб маусым басынан бері екінші рет жеңіліске ұшырады.
Келесі турда «Челси» өз алаңында «Борнмутпен» кездеседі. «Брентфорд» болса қонақта «Астон Виллаға» қарсы шығады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


