Жаңалық 19 қыркүйек 2026
«Бавария» «Унионды» 7:0 есебімен талқандады

Фото: cdn.mos.cms.futurecdn.net
Германия чемпионатының 4-турында мюнхендік «Бавария» өз алаңында, «Альянц Аренада», «Унионды» 7:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің басты жұлдызы — үш гол соққан Майкл Олисе. Ол 43, 73 және 76-минуттарда мергендік танытты.
Харри Кейн 39-минутта 11 метрлік айып добынан, 54-минутта тағы бір голмен есепке үлес қосты. Есепті 18-минутта Джамал Мусиала ашса, 70-минутта Исмаэль Сайбари толықтырды.
Тағы оқыңыз
Германиялық Focus: Барколаның «Ливерпульге» ауысуы «Байернге» де әсер етті
Бұл жеңістен кейін «Бавария» 10 ұпаймен Бундеслига кестесінің көш басына шықты. Ал «Унион» төрт матчтан бар-жоғы 1 ұпай жинап, 16-орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


