Жаңалық 19 қыркүйек 2026
«Арсенал» 16 жасар Даумэнге қатысты ұсыныстарды тыңдамады — Артета

Фото: images-news.livescore.com
Лондондық «Арсенал» бас бапкері Микель Артета клубтың 16 жасар Макс Даумэнді жалға беру туралы бірде-бір ұсынысты қарастырмағанын айтты.
Даумэн — «Арсенал» тарихында негізгі құрамда ойын бастаған ең жас футболшы. Сейсенбіде өткен Кэрабао кубогының матчында ол «Ипсвичтің» қақпасына екі рет доп кіргізді.
Жас ойыншыны «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямалмен клубтасы Микель Мерино салыстырды.
Тағы оқыңыз
16 жастағы Даумен Руни жасаған рекордты қайталады
«Лутон Таунның» бас бапкері Джек Уилшир Даумэнді жалға алу үшін «Арсеналға» бірнеше рет ұсыныс жасаған. Дегенмен лондондық клуб бұл өтінішке келіспеді.
«Ешбір ұсынысты тыңдаған жоқпыз», — деді Артета.
Бапкердің айтуынша, клуб Даумэннің дамуын әр алты айда бағалап отырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


