Жаңалық 17 қыркүйек 2026
Сәтпаевке Чесноковтан кеңес: «Ментальді тұрғыда шыңдалуы керек»

Фото: sports.kz
«Бернли» құрамында жарақат алып жүрген қазақстандық Дастан Сәтпаевқа Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков қолдау көрсетті.
Сәтпаев «Челсиге» ауысу жөнінде 2025 жылдың басында келісімге келген болатын. Жеті жылдық келісімшарт ойыншы 18 жасқа толғаннан кейін, 2026 жылдың 12 тамызында күшіне енді. Алайда үш күннен соң, 15 тамызда, шабуылшы маусымдық жалдау негізінде «Бернли» сапына қосылды.
2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы Чемпионшип кездесуінде (1:1) 81-минутта Сәтпаев жамбас артындағы бұлшықетінен жарақат алды. Ол алаңға 2026 жылдың қазан айында қайта шығады деп жоспарланған.
Тағы оқыңыз
Чесноков РПЛ матчында ескерту алып, ауыстырылды
«Крылья Советов» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков жас жерлесіне сенім білдірді.
«Дастанға ментальді тұрғыда шыңдалу керек, сонда бәрі жақсы болады. Мен оған сенемін, ол жақсы футболшы, «Челсиде» ойнайтынына сенімдімін», — деді Чесноков.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


