Жаңалық 17 қыркүйек 2026
«Реал Мадрид» «Эвертонның» 93 миллион еуролық қорғаушысына көз тікті

Фото: ichef.bbci.co.uk
БАҚ мәліметінше, мадридтік «Реал» ливерпульдік «Эвертонның» 24 жастағы қорғаушысы Джаррад Брантуэйтті қадағалап отыр.
«Эвертон» өткен жазда Брантуэйтпен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартқан. Клуб ойыншыны сатуды тек 93 миллион еуро ұсынылған жағдайда ғана қарастырады.
Брантуэйтке «Реал Мадридтен» бөлек «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити» және «Атлетико Мадрид» де қызығушылық танытып отыр делінеді.
Бұған дейін Карло Анчелоттиің «Реал Мадридті» басқарған кезінде Брантуэйтті сатып алуға ниетті болғаны белгілі. Клуб орталық қорғаушы позициясына үш ойыншы тартқанымен, Раул Асенсио командада қалды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


