Жаңалық 17 қыркүйек 2026
Рафинья 7 матчта 10 гол соғып, «Барселонаны» жеңіске жетеледі
Испания чемпионатының 6-турында «Барселона» өз алаңында «Расинг Сантандерді» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
«Камп Ноуда» өткен кездесуде клуб есебін 8-минутта Жоау Канселу ашты, ол 36-минутта тағы бір доп соғып, дубль жасады.
Рафинья да қарап қалмады: 22-минутта 11 метрлік айып добынан, 42-минутта ойын барысында гол соғып, өз есебіне екі доп жазды. Осылайша ол осы маусымда 7 матчта 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Тағы оқыңыз
Рафинья хет-трик соғып, 10 балл жинады: «Барселона» Сантандерді талқандады
Бірінші тайм соңында, 45-минутта, Гавидің 11 метрлік айып добын қарсылас қақпашысы Агиррезабала қайтарып тастады.
Бұл жеңістен кейін «Барселона» 18 ұпаймен жеңіліссіз көш бастап тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


