БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 17 қыркүйек 2026

«Қайраттың» УЕФА Конференциялар лигасындағы қарсыласы 7 матчта жеңіске жете алмай жүр

Фото: cdn.nur.kz
Швеция чемпионатының 18-турында «Мьёльбю» қонақта АИК-пен 1:1 тең түсті. Бұл клуб — «Қайраттың» УЕФА Конференциялар лигасының 2026/27 маусымындағы негізгі кезеңдегі қарсыласы.

Кездесудің 19-минутында Якоб Бергстрём есепті ашса, 40-минутта АИК ойыншысы Аксель Куаме есепті теңестірді.

Бұл нәтижемен «Мьёльбю» жеңіссіз сериясын жеті матчқа жеткізді — бұл кезеңде швед клубы бес рет жеңіліп, екі рет тең түсті.

«Қайрат» пен «Мьёльбюдің» кездесуі УЕФА Конференциялар лигасы аясында 26 қарашада Қазақстанда өтеді.

Тағы оқыңыз

«Қайраттың» Конференция лигасындағы келесі қарсыласы «Твенте» ірі жеңіске жетті
«Қайраттың» Конференциялар лигасындағы қарсыласы «Мьельбю» қатарынан төртінші рет жеңілді
«Қайраттың» болашақ қарсыласы «Панатинаикос» Грекия чемпионатында ірі жеңіске жетті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz