Жаңалық 17 қыркүйек 2026
«Оқжетпес» Тоқтыбайды қайта нысанаға алды: трансфері 250 мың еуроға бағаланады

Фото: ФК Ордабасы (ресми TG)
Көкшетаулық «Оқжетпес» шымкенттік «Ордабасының» 22 жастағы шабуылшысы Мағжан Тоқтыбаймен қысқы трансфер терезесінде келісімге келуге тырысып жатыр.
Клуб өкілдері футболшымен алдын ала келіссөз жүргізген. Айта кетейік, өткен жылдың қысында да «Оқжетпес» Тоқтыбайды тартуға әрекеттенген, бірақ тараптар ортақ пікірге келе алмаған.
2024/2025 маусымында Тоқтыбай «Ордабасы» құрамында барлық турнирде 18 матч өткізіп, алаңда 397 минут болды. Осы аралықта ол 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Шабуылшы 2024 жылдың маусымында Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасында дебют жасаған. Transfermarkt мәліметінше, Тоқтыбайдың трансфер құны 250 мың еуроны құрайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


