БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 17 қыркүйек 2026

Чесноков РПЛ матчында ескерту алып, ауыстырылды

Фото: ichef.bbci.co.uk
Қазақстан құрамасының шеткі шабуылшысы Ислам Чесноков Ресей премьер-лигасының 9-турында «Локомотивке» қарсы кездесуде 44-минутта сары карточка алып, бірінші таймнан кейін ауыстырылды.

Мәскеуде өткен матчта Чесноков «Крылья Советов» құрамында негізгі құрамда бастап, бірінші таймды толық ойнады. 44-минутта төрешіден ескерту алған ол екінші таймда алаңға шықпады — оның орнына Никита Салтыков шықты.

Flashscore порталы Чесноковтың бірінші таймдағы ойынын 10 балдық жүйемен 6,3-ке бағалады.

Тағы оқыңыз
Чесноков ойнамады: «Крылья Советов» «Акронды» жеңді

Бірінші таймның қорытындысы бойынша «Локомотив» пен «Крылья Советов» 0:0 есебімен тең түсіп отыр.

Тағы оқыңыз

Чесноков: «Партизанға» қарсы жауап кездесуде барлық күшімізді саламыз
Чесноков «Тоболдан» ресейлік «Крылья Советов» құрамына ауысады
Чесноков: «Турнир кестесінде жоғары көтерілуге тырысамыз»
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz