«Барселона» 1915 жылдан бергі рекордты қайталады: жеті матчта жеті жеңіс

Каталондықтар осы жеті кездесуде барлығы 33 гол соқты. Бұған дейін «Валенсияны» (5:0), «Райо Вальеканоны» (5:2), «Атлетик Бильбаоны» (2:0), «Эльчені» (5:0), «Левантені» (4:2) жеңген клуб, Чемпиондар лигасында «Фейенордты» да (5:1) тізе бүктірген болатын.
Бұл — «Барселона» тарихында клубтың маусымды жеті жеңіспен бастауының алғашқы реті. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш — қатарынан алты жеңіс, ол 1929/30, 1960/61 және 2018/19 маусымдарында тіркелген.
Ал кемінде 33 гол соғумен қоса жеті жеңіс жинау «Барселонада» соңғы рет 1915/16 маусымында болған — сол кезде Джек Гринуэлл жетекшілік еткен команда алғашқы жеті матчында 44 гол соғып жеңіп шыққан.
61 жастағы Ханси Флик «Барселонаны» 2024 жылдан бері басқарады. Оның жетекшілігімен клуб 124 матчта 42 жеңіске жетті.


