Азар: Моуринью «Реал Мадридте» табысты болады

Моуриньюмен 2013–2015 жылдары «Челсиде» бірге жұмыс істеген Азар оған жоғары баға берді.
«Жозені жақсы білемін, сондықтан оны «Реал Мадридте» көру мен үшін қуаныш. Бұл клуб мен үшін де ерекше орын алады. Ол жақсы жұмыс істейді», — деді Азар.
«Оның тәжірибесі бар, бәрі бар. Команда да керемет, сондықтан көрейік», — деп қосты ол.
Моуринью «Реал Мадридке» өткен жазда, Альваро Арбелоаның орнына келген еді. Ол бұған дейін де, 2010–2013 жылдары, осы клубты үш жыл басқарған. Жаңа мерзімінің басында Моуринью жетекшілігімен «Реал» барлық турнирлер бойынша жеті кездесудің алтауында жеңіске жетті.
Сұхбат барысында Азар клубтың қазіргі №7 нөмірлі ойыншысы, бразилиялық Винисиус Жуниорға да тоқталды. Шабуылшы келісімшартын ұзартқаннан кейін 2026/27 маусымын қиын бастады.
«Біз бәріміз Винисиустың гол соғуын қалаймыз, бірақ ең бастысы — «Реал Мадридтің» жеңгенін қалаймыз. Оның гол соққан-соқпағаны маңызды емес», — деді Азар.
Еске сала кетейік, «Реал Мадрид» жуырда «Эльчемен» кездескен болатын.


