Алонсо Sky Sports-қа сұхбат берді: «Бұл — reset емес, update»
44 жастағы маман «Челсимен» мамырда төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Алонсо келгенге дейін клуб чемпионатта 10-орын алып, соңғы төрт маусымның үшеуінде еуропалық турнирлерден тыс қалды. Алдыңғы науқанда Энцо Мареска мен Лиам Розениормен жол айырылысқан еді.
«Бұл reset емес, update деп айтар едім. Бағытты өзгерту немесе басқа шешім қабылдау», — деді Алонсо Sky Sports-қа.
Оның айтуынша, басты назарда — құрам және ойыншылардың мансап кезеңі. «Мен кемелдікті іздесем, әрдайым көңілім қалады. Мен жақсы деңгейге, тұрақтылыққа жетуді, кез келген қарсыласпен сенімді ойнайтын команда болуды қалаймын», — деп атап өтті ол Sky Sports-қа берген сұхбатында.
Алонсо жетекшілігімен «Челси» барлық турнирде алты матч өткізді: чемпионатта екі жеңіс, бір тең ойын, бір жеңіліс, ал Карабао кубогында екі матчта екі жеңіс тіркеді. Кезекті сынақ — жұма күні түнде «Гтех Коммьюнити» стадионында өтетін «Брентфордқа» қарсы Батыс Лондон дербиі.


