Жаңалық 16 қыркүйек 2026
Винисиус 7 матчта бір-ақ гол соқты: Моуринью да байқады
Ла Лигадағы «Реал Мадрид» — «Эльче» кездесуінде мадридтіктер 3:2 есебімен камбэк жасап жеңді, бірақ Винисиус Жуниор бұл жолы да голсыз қалды.
Бразилиялық шабуылшы матч барысында екі анық сәтті пайдалана алмады, қарсыласының қақпасына бес соққы жасады, оның біреуі ғана нысанаға дәл тиді. Винисиус 68-минутта ауыстырылды.
Осы маусымда бразилиялық жеті матчта бір-ақ гол соқты.
Тағы оқыңыз
Cadena SER сарапшысы: Диоманде — Винисиус үшін нағыз қауіп
Матчта Арда Гюлер, Килиан Мбаппе және Карлос Эспи гол соқты.
«Ол голды сағынып жүр», — деді Жозе Моуринью.
Виниcиустың өзі де жағдайды мойындады: «Голдар қайта оралады, мен мұншама көп сәтті босқа жібере алмаймын...» — деді ол.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


