Жаңалық 16 қыркүйек 2026
«Ливерпуль» «Челсидің» жұлдызы Эстеваоға көз тікті

Фото: img.chelseafc.com
Ағылшын клубы «Ливерпуль» лондондық «Челсидің» шеткі шабуылшысы Эстеваоны бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы Ekrem Konurға сілтеме жасаған Sportowy басылымы хабарлады.
«2025 жылдың жазында «Палмейрастан» «Челсиге» ауысқан 19 жастағы бразилиялық футболшыны «Барселона» мен «Ливерпуль» бақылап отыр», — делінген хабарламада.
Эстеваоның мансабында барлық турнирлер мен лигаларда жалпы 41 голы бар, оның сегізін өткен маусымда соққан. Оның басты амплуасы — оң қанаттағы шеткі шабуылшы.
Дегенмен «Челсидің» футболшымен қоштасуға ниеті жоқ. Клубтар арасында трансфер жөнінде ресми келіссөз жүріп жатқан жоқ.
Еске сала кетейік, «Ливерпуль» жазда төрт жаңа ойыншы қосып алды және маусым басынан бері Премьер-лигада жеңіліс көрмеген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


