Жаңалық 16 қыркүйек 2026
Ираола: Қазір трансферге емес, командалық үйлесімге назар аудару керек

Фото: dailypost.ng
«Ливерпульдің» бас бапкері Андони Ираола «Тоттенхэмге» қарсы кездесуден кейін қаңтардағы трансферлік терезеге қатысты пікірін білдірді.
Бапкердің айтуынша, қазір нарыққа көз тігудің реті жоқ. «Қаңтар нарығы ашылғанда, қандай жағдайда екенімізді көреміз. Бізде өте жақсы ойыншылар мен өте жақсы құрам бар. Әркім өзін жақсы жағынан көрсетуі үшін тепе-теңдік пен дұрыс үйлесімді табу керек. Егер жаттығу жеткіліксіз болып, уақыт сәйкес келмесе, бәрі нашар көрінеді. Әркім азды-көпті үлес қосуы тиіс», — деді Ираола.
Тағы оқыңыз
«Ливерпуль» мен «Фулхэм» «Энфилдте» тең түсті: Ирала тағы жеңіске жете алмады
Бапкер қаңтар терезесі ашылғанда ғана нақты баға берілетінін атап өтті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


