БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 16 қыркүйек 2026

«Барселона» Рафиньямен келісімшартты ұзарту жайын талқылады

Фото: kaz.vesti.kz
«Барселонаның» спорт директоры Деку клуб капитаны, бразилиялық шабуылшы Рафиньямен кездесіп, келісімшартты ұзарту мәселесін талқылады.

Кездесу бейресми түрде, жергілікті мейрамханалардың бірінде түскі ас үстінде өтті. Оған Рафиньяның жұбайы мен клубтың кеңесшісі Алехандро Эчеваррия да қатысты.

Рафинья «Барселонаға» 2022 жылдың жазында «Лидстен» ауысқан, трансфері бонустарымен қоса 67 миллион еуроға бағаланған болатын. Оның қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

Тағы оқыңыз
Рафинья жарақаттанып, Бразилия құрамасынан кетті

2024/25 маусымында Рафинья Чемпиондар лигасының үздік шабуылшысы атанды. Ағымдағы маусымда алты ресми матчта 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

«Барселона» Испания чемпионатының алғашқы бес турында 15 ұпайдың барлығын жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Келесі матчта каталондықтар «Расингпен» кездеседі.

Тағы оқыңыз

Рафинья: «Барселонада» келісімшартты ұзартып, осында мансабымды аяқтағым келеді
Рафинья: «Барселона» Ла Лигадағы 5:0 жеңісінде ең жоғары баға алды
Рафинья 2 гол салып, 1 голдық пас берді — «Барселона» «Эльчені» 5:0 талқандады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: kaz.vesti.kz