Жаңалық 15 қыркүйек 2026
«Реал» мен «Барселона» «Манчестер Юнайтедтің» 15 жастағы жас талантына таласып жатыр

Фото: i2-prod.manchestereveningnews.co.uk
«Манчестер Юнайтед» академиясының 15 жастағы ойыншысы Джей Джей Габриэл клубтан кетуге өтініш берді. Daily Mail мәліметінше, оған мадридтік «Реал» мен «Барселона» қызығушылық танытып отыр.
Дереккөз хабарлағандай, Габриэл отбасының клуб басшылығымен қарым-қатынасы бұзылған. Жас футболшы — ирландиялық паспорт иесі.
Daily Mail жазуынша, «Реал» ойыншыны тартуға бағытталған әрекетін күшейткен. Мадрид клубының жазда жартылай қорғаушы Родри үшін «Барселонаға» ұтылып қалғанын да басылым еске салады.
Тағы оқыңыз
15 жастағы Джей-Джей Гэбриел «Манчестер Юнайтед» сапында дебют жасады
Сонымен қатар Габриэлдің жағдайын лондондық «Челси» мен мюнхендік «Бавария» да бақылап отырғаны айтылады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


