Жаңалық 15 қыркүйек 2026
ҚФФ 26-турдағы даулы сәттерге түсінік берді
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 26-турындағы даулы эпизодтарға ресми түсінік берді.
«Қызылжардың» айып алаңында болған эпизодта футболшылар арасында дененің жоғарғы бөлігімен жанасу орын алған. ҚФФ мәліметінше, аяқпен жанасу болмаған, ал корпустардың соқтығысуы елеусіз болғандықтан, 11 метрлік доп тағайындауға негіз болмаған.
Сонымен қатар №5 қорғаушының сырғанай отырып орындаған әрекеті сақтықсыз бұзушылық ретінде бағаланып, оған сары карточка көрсетілуі тиіс еді.
Басқа эпизодта қақпашы допты айып алаңының ішінде қолымен ойнатқан, кейін инерциямен алаңнан тыс шығып, допқа тағы да қолымен тиген. ҚФФ мұндай жағдайда дұрыс шешім айып соққысын тағайындау болатынын, ал қақпашыға тәртіптік жаза қолданудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


