Жаңалық 15 қыркүйек 2026
Өзбекстан құрамасы ФИФА терезесінде үш қарсыласпен ойнайды

Фото: sports.kz
Өзбекстан құрамасы ФИФА терезесі аясында үш жолдастық кездесу өткізеді: Иран, Сирия және Оңтүстік Корея құрамаларына қарсы шығады.
Алдымен 24 қыркүйекте Ферғанада Иран құрамасымен сынға түседі. Одан кейін, 1 қазанда, Ташкентте Сирия құрамасын қабылдайды — кездесу Ташкент және Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Сириямен ойыннан соң өзбекстандықтар 6 қазанда қонақта Оңтүстік Корея құрамасымен бетпе-бет келеді.
Бұл жолдастық кездесулер Өзбекстан құрамасының Азия кубогына дайындығы аясында өтіп жатыр. Турнир Сауд Арабиясында 7 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өтеді, онда Өзбекстан В тобында Иордания, Солтүстік Корея және Бахрейн құрамаларымен бақ сынайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


