Жаңалық 15 қыркүйек 2026
1978 жылдан бері «Реалды» жеңе алмай жүрген «Эльче» онымен кездеседі

Фото: cdn.mos.cms.futurecdn.net
Испанияның Ла Лигасында 6-тур кездесуінде «Эльче» өз алаңында «Реалды» қабылдайды. Матч «Мартинес Валеро» стадионында өтеді, тікелей эфир Қазақстан уақытымен түнгі 00:30-да басталады.
Ағымдағы маусымда 5 турдан кейін «Реал» 12 ұпай жинаса, «Эльче» бар-жоғы 2 ұпаймен шектелген.
Соңғы матчында «Реал» «Райо Вальеканоны» 4:1 есебімен ойсырата жеңсе, «Эльче» «Атлетикпен» 1:1 есебінде тең ойнады.
Екі команданың соңғы бетпе-бет кездесуі наурызда өтті, онда «Реал» 4:1 есебімен басым түсті. Ал өткен маусымның бірінші айналымында тараптар 2:2 есебімен тең түскен болатын.
«Эльченің» «Реалды» жеңгеніне көп жыл болды — соңғы жеңіс 1978 жылы тіркелген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


