Жаңалық 15 қыркүйек 2026
Беллами: Қазақстанмен матч алдында соқыр ішегім жарылып, реанимацияға түстім
Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами өткен жылғы жаз биылғыдан айырмашылығы оңай болмағанын мойындады — Қазақстан құрамасына қарсы матч қарсаңында оның соқыр ішегі жарылып кеткен.
«Биылғы жаз өткен жылғыдан айырмашылығы, керемет болды. Ал өткен жылы Қазақстанмен матч алдында соқыр ішегім жарылды — өмірде ондай да жағдай болады. Нәтижесінде реанимацияға түстім. Мұны шаршағаннан немесе не болып жатқанын түсінбегендіктен деп ойладым. Қазақстанмен матч алдында қандай бозарып тұрғанымды көрдіңіздер ме? Маған қиын болды», — деді Беллами.
Тағы оқыңыз
Беллами: Ешқашан ақша үшін жұмыс ауыстырған емеспін
Еске сала кетейік, Уэльс пен Қазақстан құрамалары әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі рет кездесті: 2025 жылдың наурызында Уэльс өз алаңында 3:1 есебімен, ал қыркүйекте Қазақстанда 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


