Құрама 14 қыркүйек 2026
Ван 'т Схип Ұлттар лигасына 28 футболшы шақырды

Фото: image.story.nl
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван 'т Схип УЕФА Ұлттар лигасының кезекті матчтарына 28 ойыншы шақырды.
Қазақстан қыркүйек-қазан айларында УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионы, 3-топ аясында төрт кездесу өткізеді.
26 қыркүйекте құрама Торсхавндағы «Торсвёллур» стадионында Фарер аралдарына қарсы шығады, кездесу жергілікті уақытпен 21:00-де басталады. Одан кейін, 29 қыркүйекте, Кошицедегі футбол стадионында Словакиямен өнер сынасады, старт — 23:45-те.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев «Бернлиде» дебют жасады, Ван'т Шкип онымен сөйлесті
2 қазанда Молдоваға қарсы матч «Астана Аренасында» 19:00-де өтеді, ал 6 қазанда сол стадионда Фарер аралдарымен қайта кездесу күтіп тұр — ол да 19:00-де басталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


