Сұхбат 14 қыркүйек 2026
Уразахтин: Жеңіліс үшін жауапкершілікті толықтай өз мойныма аламын
Қазақстан премьер-лигасының 26-турында алматылық «Қайрат» қостанайлық клубтан 1:4 есебімен ұтылды. Бас бапкер Рафаэль Уразахтин жауапкершілікті өз мойнына алды.
Бапкердің айтуынша, матч алдында құрамға өзгеріс енгізу ойы болған, бірақ ол бұдан бас тартқан.
«Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті толықтай өз мойныма аламын, себебі құрамға белгілі бір өзгеріс енгізу керектігін ішім сезген еді. Бірақ жеңген құрамды өзгертпейді деген стереотипке бой алдырдым», — деді Уразахтин.
Тағы оқыңыз
Оразахтин: «Кани Уэст Алматыда жақсы ән салсын»
Бапкердің сөзінше, команда бүгін «жақсы сылақ жеп», ойында әлсіздік танытты.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


