Жаңалық 14 қыркүйек 2026
Покатилов ойнамады: «Сабах» «Шафаны» 3:0 есебімен жеңді

Фото: aladop.kz
Әзербайжан чемпионатының 5-турында бакулық «Сабах» «Шафаны» 3:0 есебімен ұтты. Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов бас бапкер Вальдас Дамбраускастың өтінім тізімінде болғанымен, кездесуде алаңға шықпады — қақпаны Реван Мирзамедов қорғады.
Кездесудің 25-минутында Патрик Мбина есеп ашса, бес минуттан соң Абдула Хайбулаев екінші голды соқты. 69-минутта Велько Симич есепті 3:0-ге жеткізді.
Бұл жеңістен кейін «Сабах» Әзербайжан чемпионатында 12 ұпай жинап, барлық матчын жеңіспен аяқтап отыр. «Шафа» болса үш ұпайда қалды.
Тағы оқыңыз
Покатилов Қазақстан құрамасына қосылды: алда Фарер аралдарымен кездесу
Еске сала кетейік, Покатилов бұған дейін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бірінші турында «Манчестер Юнайтедке» қарсы «Сабахтың» қақпасын қорғаған болатын. Ол кездесу «Олд Траффордта» 0:4 есебімен «қызыл шайтандардың» пайдасына аяқталған еді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


