Артета: 11 метрлік айып добы туралы шешімді түсінбедім
Кездесу барысында қорғаушы Конса мен «Сандерленд» ойыншысы Дан Баллардтың арасында айып алаңында физикалық қақтығыс болды. Бас төреші Джон Брукс Консаның Балларды ұстағаны үшін 11 метрлік айып добын тағайындады, VAR да бұл шешімді растады.
«Бұл деңгейде мұндай нәрсе қолайсыз. Мен эпизодты 20 рет қарадым, бірақ бұл жағдайда қалай пенальти беруге болатынын және VAR неге араласпағанын түсінбедім. Мұндай әдемі матчтан кейін мұны талқылап отырғанымызға өкінемін. Бұл маусым барысын өзгертіп, чемпиондық жолында қымбатқа түсуі мүмкін», — деді Артета матчтан кейін.
«Арсенал» клубы ресми төрешілер қауымдастығына хабарласып, шешім бойынша түсініктеме сұрамақ.
Match of the Day бағдарламасының сарапшылары Эшли Уильямс пен Томас Франк те бұл эпизодты пенальти деп бағалауға болмайтынын айтты. Уильямстың пікірінше, Баллардтың әрекеті «дзюдодағы мінсіз лақтыруға» ұқсаған, сондықтан бұл ешбір жағдайда 11 метрлік айып добы емес.


