БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Матч 12 қыркүйек 2026

«Ордабасы» мен «Астананың» негізгі құрамы белгілі болды

Фото: kazfootball.kz
Қазақстан премьер-лигасының басты кездесулерінің бірінде «Ордабасы» өз алаңында «Астанамен» сынға түседі. Екі команда да негізгі құрамын жариялады.

«Ордабасы» ойынды мына құрамда бастайды: қақпада — Бекхан Шайхада, қорғауда — Сергей Малый, Ги Марселин Килама, Никола Антич, Сұлтанбек Астанов, ортада — Алекса Аманович, Жаслан Амир, Кристиан Капацина, Лео Натель, шабуылда — Дэвид Абагна мен Бьорн Йонссен.

«Астана» тарапынан қақпаны Мұхамеджан Сейсен қорғайды. Қорғауда Абзал Бейсебеков, Карло Бартолец, Әлібек Қасым, Бранимир Калаица шығады. Орта алаңда Кипрас Кажукололас, Динмұхамед Караман, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский ойнайды. Шабуылда Мақсат Абраев пен Рамазан Каримов өнер көрсетеді.

Ірі есімдердің қатарында Қазақстан құрамасының тәжірибелі ойыншысы Бауыржан Исламханның «Астана» құрамында алаңға шығатыны назар аудартады.

Тағы оқыңыз

«Женіс» — «Жетісу» кездесуіне төрешілер алқасы белгілі болды
«Жеңіс» — «Қайсар» жартылай финалының төрешілер алқасы белгілі болды
ӘЧ-2026: жартылай финалдың қарсыластары белгілі болды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me