Жаңалық 12 қыркүйек 2026
Колумбиялық 17 жастағы Мартинес «Ливерпульді» таңдады
Колумбиялық жас футболшы Самуэль Мартинестің «Ливерпульмен» келісімшартқа қол қоятынын әкесі Хайро Мартинес растады.
17 жастағы Мартинес келесі жазда 18 жасқа толады, содан кейін ағылшын клубына қосылады. Ол U17 жасындағы Копа Америка турнирінде Колумбия құрамасының чемпион атануына атсалысып, төрт нәтижелі пас берген.
Оның ойын мәнерін көпшілік бразилиялық Каканың ойынымен салыстырады.
Тағы оқыңыз
«Манчестер Юнайтед» Мартинеске жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр
Ойыншыны «Боруссия Дортмунд», «Манчестер Сити», «Барселона», «Уотфорд», «Удинезе», «Челси» және «Манчестер Юнайтед» сынды клубтар да қалаған.
«Боруссия Дортмунд, Манчестер Сити, Барселона, Уотфорд, Удинезе, Челси, Манчестер Юнайтед және басқа клубтар да оны қалады. Түскен әр ұсынысты отырып талқыладық, қайсысы тиімді екенін қарастырдық. Түпкілікті шешімді Самуэльдің өзі қабылдайды, сол сәтте ол «Ливерпульді» таңдады», — деді Хайро Мартинес.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


