БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 12 қыркүйек 2026

Эсатов: 11 метрлік айып добы жоспарымызды бұзды

Фото: aladop.kz
«Ақтөбеден» 1:2 есебімен жеңілген «Каспий» бас бапкері Руслан Эсатов кездестегі бетбұрыс сәтке тоқталды.

Бапкердің айтуынша, бірінші таймда команда қарсыластың шабуылын, әсіресе сол қанаттан келген қауіпті сәттерді бақылауда ұстаған. «0:0 есебінде сәт болды, бірақ оны пайдаланбадық. Ондай жағдай да болады», — деді ол.

Оның сөзінше, матчтың барысын 11 метрлік айып добы өзгертіп жіберген. «Гол жіберіп алсақ та, екінші таймда шабуылшымызда есепті теңестіретін жақсы сәт болды. Оны пайдаланбай, тағы гол жіберіп алдық. Схема мен құрылымды бірден өзгертуге тура келді, бұл да голмен аяқталды», — деп түсіндірді Эсатов.

Тағы оқыңыз
Есатов ақтаулық «Каспийді» қайта басқарды

Бапкер ойыншыларының жанкештілігі үшін алғыс айтты.

Кездесу 26-турда өтіп, «Ақтөбе» қонақта жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 25 матчтан 41 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр. «Каспий» болса 26 ұпаймен оныншы орында келеді.

Тағы оқыңыз

Есатов ақтаулық «Каспийді» қайта басқарды
Руслан Есатов ақтаулық «Каспийге» көмекші бапкер болып оралды
Экс-төреші Дэвис: «Арсеналға» тағайындалуы тиіс 11 метрлік айып добы берілмей қалды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz