БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 11 қыркүйек 2026

Сәтпаев ағылшын тілін бірнеше айда меңгеріп үлгерді — британдық блогер таңғалды

Фото: kff_team
«Челсиден» жалдау шартымен «Бернлиде» ойнап жүрген 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ағылшын тіліндегі сөзін британдық блогер Джордан Уорсли жоғары бағалады.

840 миллионнан астам қаралым жинаған Skyeng YouTube-каналын жүргізетін ағылшын тілі оқытушысы Уорслидің пікірінше, Сәтпаев тілді небәрі бірнеше ай үйреніп жүргенін ескерсек, деңгейі керемет.

«Сөзі толықтай түсінікті. Ол камера алдында сұрақтарды тек түсініп қана қоймай, байланысты жауап бере алады — бұның өзі бағаланарлық жайт», — деді ол.

Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті

«Болтон» жанкүйері болып саналатын блогер Сәтпаевқа сәттілік тіледі: «Клубта табысты болыңыз, «Болтонмен» кездескеніңізді асыға күтемін».

Еске сала кетейік, Сәтпаев 2026 жылдың жазында Англияға келген, ал қазір ол ойнап жүрген «Бернли» Чемпионшип кестесінде 23-орында тұр.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев «Челсиден» жалға беріледі: бірнеше клуб қызығушылық танытты
Сәтпаев «Бернли» құрамында ағылшын Чемпионшипінде дебют жасады
Сәтпаев Тевиске теңелді: британдық журналист «Бернли» жаңа ойыншысын мадақтады
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz