БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 11 қыркүйек 2026

Самородов «Спартакқа» ауыспай қалды: себебі — аяқ буынының МРТ көрсеткіші

Фото: fc-akhmat.ru
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың мәскеулік «Спартакқа» ауысуы іске аспай қалды. Себебі — футболшының аяқ буынына жасалған МРТ нәтижесі.

«Ахмат» ойыншысының трансфері үшін тараптар 3,5 миллиард теңге көлемінде келіскен болатын. Дегенмен жуырда аяқ буынынан жарақат алған Самородовтың МРТ нәтижесін көрген «Спартак» трансферден бас тартты.

Футболшы құжаттың рәсімделуін күтіп, біраз уақыт Грозныйда болды. Алайда келісімшартқа қол қойылмады.

Тағы оқыңыз
Заварзин: Самородовтың «Спартакқа» трансфері МРТ-дан өте алмағандықтан бұзылды

Нәтижесінде Самородов «Ахматта» ойын мансабын жалғастырады.

Тағы оқыңыз

Самородов «Спартакқа» ауысу үшін медициналық тексеруден өтті
Самородов трансфер терезесінің соңғы сағаттарында «Спартакқа» ауысуы мүмкін
Кенжебек қосалқылар орындығында отырды, Самородов жоғары баға алды
Максим Самородов: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz