Жаңалық 11 қыркүйек 2026
«Реал Мадрид» Беллингэммен келісімшартты 2031 жылға дейін ұзартпақ
Мадридтің «Реал» клубы жартылай қорғаушы Джуд Беллингэммен қолданыстағы келісімшартты 2031 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отыр.
Ойыншының клубпен қолданыстағы келісімшарты 2029 жылы аяқталады. Дереккөздердің мәліметінше, «Реал» жаңа келісімге қол жеткізуге оптимистік көзқараста.
Хабарларға қарағанда, жаңа шарт бойынша Беллингэмнің жалақысы Винисиус Жуниордың деңгейімен теңеспек.
Тағы оқыңыз
Тухель: Беллингемге сәл ашу-ыза жарасып тұрады
Ағымдағы маусымда Беллингэм 5 ресми кездесуде 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


