Жаңалық 11 қыркүйек 2026
Рафинья тамыз айының үздігі атанды: 5 ойында 8 гол соғып тастады
«Барселонаның» 29 жастағы шабуылшысы Рафинья маусым басындағы керемет ойыны үшін Ла Лигада тамыз айының үздік ойыншысы атанды.
Барлық турнирлерді қоса есептегенде, бразилиялық футболшы 5 матчта 8 гол соғуға үлгерді, оның 6-уы Ла Лигада тіркелген. Тек тамыз айының өзінде Рафинья «Барселонаның» алғашқы үш матчында 5 доп енгізді: «Эльчеге» дубль жасаса, «Атлетикке» бір гол соқты, «Райо Вальеканоға» қарсы тағы дубль ұрды.
Бапкер Ханси Флик оны шабуылдың алдыңғы шебінде — центрфорвард позициясында пайдаланды.
Тағы оқыңыз
Рафинья «Барселона» – «Фейеноорд» кездесуінде 3-минутта гол соғып, есеп ашты
Жүлде үшін таласта Рафинья Джуд Беллингем, Пьер-Эмерик Обамеянг, Науэль Тенальо және Алекс Баэнаны басып озды.
Осы көрсеткіштерден кейін «Барселона» ойыншымен жаңа келісімшарт жасасуға дайындалып отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


