БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 11 қыркүйек 2026

Куадрадо 17 жылдан кейін Еуропамен қоштасып, туған еліне оралды

Фото: espn.com
38 жасар колумбиялық Хуан Куадрадо отандасы «Мильонариос» клубымен келісімге қол қойды. Осылайша тәжірибелі футболшы Еуропада өткізген 17 маусымнан соң отанына оралды.

«Мильонариос» баспасөз қызметі трансферді жариялап, футболшыны құттықтады. «Әлемдік футболдың ең маңызды сахналарында ойнаған Хуан Гильермо Куадрадо Колумбияға оралып, «көк-ақ» түсті киеді және «Мильонариостағы» жаңа тарауын бастайды», — делінген клубтың хабарламасында.

Куадрадо кәсіби мансабын «Индепендьенте Медельин» құрамында бастаған. 2009 жылы итальяндық «Удинезеге» ауысып, кейін «Лечче» мен «Фиорентина» сапында да өнер көрсетті. Футболшы «Челси» құрамында екі маусым өткізіп, 2014-2015 жылғы Премьер-лига чемпионы атанды.

2015 жылдың жазында «Ювентусқа» ауысқан колумбиялық сол клубта жеті жыл өнер көрсетті. Осы аралықта ол Серия А-да бес рет, Италия кубогында төрт рет чемпион атанып, Италия Суперкубогын екі мәрте жеңіп алды. Мансабында сондай-ақ «Интер Милан», «Аталанта» және «Пиза» формасын киген.

Куадрадо Колумбия құрамасында 2014 жылғы Бразилиядағы және 2018 жылғы Ресейдегі әлем чемпионаттарына қатысып, бес рет Копа Америка турнирінде ойнады.

«Мильонариос» — Колумбия футболындағы «Атлетико Насьоналдан» кейінгі ең сәтті клуб. Келісімнің қаржылық шарттары жарияланбады.

Тағы оқыңыз

ESPN трансфер терезесін бағалады: Моуринью 13 жылдан кейін «Реалға» оралды
«Қайратқа» ауысады деген қауесеттен кейін Шина «Елимайға» оралды
«Суонси» бес жылдан кейін «бет365» стадионында жеңіске жетті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.espn.com