Құлшынбаев: Байбектің қорғаушы рөлінде ойнауы таңғалдырды

Құлшынбаевтың бағалауынша, кездесудегі ең қызық сәт — Олжас Байбектің орталық қорғаушы рөлінде шығуы болды.
«Маған Олжас Байбектің орталық қорғаушы рөлінде ойнағаны қатты ұнады. Шынымды айтсам, оны мұндай позицияда елестетпеген едім. «Қайратта» құрамға қатысты белгілі бір мәселелер бар, бірақ команда жағдайдан шығып жатыр», — деді сарапшы.
Оның айтуынша, есеп 0:1 болған кезде «Жеңіс» ойынды теңестіргісі келіп, көп күшпен алға ұмтылды, ал «Қайрат» осыны контршабуылға пайдаланды: Марк Гуаль орталық алаңнан бастап жүгіріп өтіп, айырманы ұлғайтты.
«Жалпы алғанда, бұл — ел чемпионының заңды әрі күтілген жеңісі», — деп қорытындылады Құлшынбаев.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 57 ұпаймен турнир кестесінің көш басында тұр. «Жеңіс» болса 29 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.


