Жаңалық 10 қыркүйек 2026
«Манчестер Юнайтед» «Барселонаның» қорғаушысы Балдемен ресми келіссөз бастайды

Фото: getfootballnewsspain.com
«Манчестер Юнайтед» 22 жастағы сол жақ қорғаушы Алехандро Балдеге қызығушылығын күшейтіп, оның агенті Хорхе Мендеспен тікелей келіссөзге отыруды жоспарлап отыр.
ESPN дереккөздерінің мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» Люк Шоудың аптасына үш матч ойнауға дене бітімінің жетпей қалуына алаңдап, Балдеге қатысты «Барселонадағы» жағдайды қадағалап отыр.
Жаз басында ағылшын клубы «Ньюкасл Юнайтедтің» ойыншысы Льюис Холлға да сұрау салған болатын.
Тағы оқыңыз
Daily Mail журналисі: «Ливерпульге» сол жақ қорғаушы қажет, Балде — тек болжам
Сонымен қатар «Манчестер Сити» лондондық «Челсидің» шабуылшы жартылай қорғаушысы, Аргентина құрамасының ойыншысы Энцо Фернандеске шамамен 130 миллион еуро ұсынуды жоспарлап отыр. Дереккөздерге сәйкес, Фернандестің өзі де «Ситиге» ауысқысы келеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


